Кредитование Агробизнеса и Управление Рисками
В 2021 году в рамках сотрудничества с АО “Аграрная кредитная корпорация”по платформе сельскохозяйственного финансирования были проведены несколько пятидневных онлайн тренингов.
ПОДДЕРЖКА РАЗВИТИЯ ИННОВАЦИЙ В СЕЛЬСКОМ ХОЗЯЙСТВЕ НА ПРИМЕРЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НЕМЕЦКОГО РЕНТЕНБАНКА
В продолжение серии вебинаров по инновационной политике и опыту Германии по финансированию инновационных проектов в АПК, команда АПД организовала 27 ноября 2020 года вебинар на тему «Поддержка развития инноваций в сельском хозяйстве на примере деятельности немецкого Рентенбанка».
Поддержка инноваций в сельском хозяйстве. Опыт Германии
Команда АПД в сотрудничестве с немецким агентством сельского хозяйства и продовольствия (BLE) провела 29 сентября т.г. вебинар по основным политикам и подходам по поддержке инноваций в сельском хозяйстве в Германии.
АНАЛИЗ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ СРЕДЫ АГРАРНОГО СЕКТОРА КАЗАХСТАНА
В Документе в четырех главах рассматриваются · макроэкономические рамочные условия, в которых осуществляется сельскохозяйственное производство, его текущий уровень развития, доли государственного и частного финансирования и
Қазақстан Республикасы Орталық Азияда органикалық ауыл шаруашылығы бойынша маңызды роль атқарады. Органикалық егіншілікті дамытудың әлемдік статистикасына сәйкес (FiEBL&IFOAM, 2018), 2018 жылы Қазақстанда органикалық егіншіліктің аумағы шамамен 192 мың гектарды құрады.Қазақстан органикалық егіншілік аумағының көлемі бойынша 181 елдің ішінде 37-орында тұр. Сонымен қатар, Азия елдері арасында экологиялық егіншілікпен айналысу аумағы бойынша еліміз 6-шы орында. Органикалық өндірістің негізгі аумақтарына Қостанай, Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарымен, сондай-ақ Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының шағын аумақтары қамтылған. Органикалық өнімдер шығаратын ең үлкен аумақ Қостанай облысында орналасқан.
Жергілікті органикалық өнімдердің көпшілігі ЕО елдеріне экспортталатынын айта кету қажет. Қазақстан ЕО-қа органикалық өнімдерді экспорттайтын ірі экспорттаушы ондығына кіреді. Мәселен, 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт мөлшері 85 675 тоннаны құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар негізгі экспорттық тауар болып табылса, одан кейінгі қатарға бұршақ, майлы дақылдар және соя жатады.
Алғаш рет экологиялық таза өндірісті дамыту мәселесі Елбасының 2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына енгізілді. Бұл мәселеге барынша мүдделі тараптар, атап айтқанда, ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері бастамашылық етті.
Кейіннен органикалық ауыл шаруашылығы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы әлеуметтік диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Бізде, елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие экологиялық таза өнімдер мен органикалық шикізат өндіру үшін айтарлықтай әлеует бар екенін» атап өтті.
2019 жылғы 30 шілдеде Үкімет отырысында Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне «органикалық» өнімдерді өндіру бойынша «Жол картасын» әзірлеуді тапсырды. 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын» бекітті.
Бұл құжат – ЕО, Ресей, Қытай тәрізді басым елдердің нарықтарына қол жетімділік ережелері мен тұтыну талаптарын зерделеуге, «органикалық» өнеркәсіп саласында институционалдық құрылым құруға, халықаралық нарықта ұлттық жүйенің сертификатталуының танылуына, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.